Жаз оқуының мәдени шаралары
“ÜSTMER EĞİTİM VE AİGEREM» бірлестігі сіздерді «Жаз оқуы» жобасына қатысуға шақырады
Бір ай бойы Түркияның 13 қаласына саяхат жасап, түрік тілі мен мәдениетәін жақыннан танисыз. Біздің мақсатымыз – саяхаттап жүріп үйрену және сіздердің көңілдеріңізден шығу.
Жаз оқуының алғашқы екі апталық жоспары:
Тамыздың бірі Түркияға келесіздер. Тамыздың екісі, үші түрік тілі сабағы. Төртінші тамыз жұма күні Қаратеңізге саяхаттаймыз. Қаратеңіздің бойындағы Самсун, Орду,Гиресун, Трабзон секілді жап-жасыл орман мен тауларға бай ғажап мекенді көзбен көресіз. Шай бақшасынан шай теріп, биік сарқыраманың жанында суретке түсесіз. Тау бөктерінде жаяу серуендеп, таза ауамен дем аласыз. Ағаштан жасалған қонақ үйлерде қонақтап, Қаратеңіздің жанындағы қонақ үйден таңғы ас ішесіз. Ең тамашасы, шекара асып Грузияның Батуми қаласына да аяқ басамыз. Махаббат қаласы атанған Батумиды да саяхаттаймыз.
Екінші апта:
Төрт күнге созылған саяхатымызды тамамдап, тамыздың сегізі Анкараға келіп, қайтадан түрік тілі сабағымызға кірісеміз. Тоғызыншы тамыз сабақтан соң Анкараны қыдырамыз. Оныншы, он бірінші тамызда түрік тілі сабағына қатысасыздар. Апта соңы, он екінші тамыз күні ертегі мекен Каппадокияға жол жүреміз. Ол жақта таңмен жарысқан шарлардың ұшқанын тамашалап, таңнын атқанын бақылаймыз. Жер асты қалаларына түсіп, ежелгі адамдардың мекенін көзбен көреміз. Каппадокиядағы қонақ үйлеріміз ертегідегідей әсем безендірілген. Таңғы ас пен кешкі асты қонақ үйдің керемет ресторанынан ішеміз. Каппадокияның керемет жерлерін айтып жеткізе алмаймын. Тек көзбен ғана көріп, сезіне білу керек.
Жаз оқуының соңғы екі апталық жоспары:
4, 15, 16, 17 тамыз түрік тілі сабақтарыңызға қатысасыздар. 16 тамыз Анкарадағы кезекті саяхатымыз. Анкара калесі, Хамамөну деген әдемі жерлерді аралаймыз. Апта соңы 18-19 тамыз Амасра, Сапанжа, Сафранболу, Машкуие сияқты тамаша жерлерге саяхаттауға аттанамыз. Ол жақта ертегі үйлерді көреміз. Өте биіктегі әйнек терассадан тау-тасты тамашалаймыз. Яхтамен көлде демаламыз. Атқа, АТВ-ға мініп қыдыруға болады. Қыдыратын жерлер өте көп.
Төртінші апта
21-22-23-24 тамыз түрік тілі сабағына қатысасыздар. 24-тамыз музейлерді аралаймыз. 25-тамыз таңертең ерте Абант, Бейпазары көлдеріне саяхаттауға шығамыз. Ол жақтың ауа райы да, табиғаты да басқаша. Күні бойы демалып, қыдырып, кешкісін Анкараға қайтып келеміз. 27-тамыз Анкарадағы паркта пикник ұйымдастырамыз. Түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереміз. 28-29 тамыз сіздердің өз уақыттарыңыз. Ол күндері демалсаңыз да, қаланы қыдырсаңыз да өз еркіңіз. 29-тамыз күні кешкісін жүктерімізді жинап, Стамбұлға жолға шығамыз. 30-31 тамыз бізде Стамбұл туры. Тарихы терең Стамбұлды аралап, яхтамен теңізін тамашалаймыз. Мешіттерге, Галата сарайына, Айя-София, Топкапы сарайы секілді бірнеше туристтік жерлерді аралаймыз. Қонақ үйде демаламыз. 31-тамыз кешкісін сіздерді Қазақстанға шығарып саламыз.
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….
“ÜSTMER EĞİTİM ve AİGREİM DANIŞMANLIK İŞBİRLİĞİ” ile hazırlamış olduğumuz yaz okulu projesiyle sizlerle buluşuyoruz. Bu proje kapsamında hem gezip eğleneceksiniz hem de Türk dili ve kültürünü yakından tanıma fırsatı bulacaksınız.
Yaz okulunun ilk iki haftalık programı:
1 Ağustosta Türkiye’ye giriş yapılacaktır. 2-3 Ağustos Türkçe eğitimine başlanılacaktı. 4 Ağustos cuma günü “Karadeniz” turuna çıkılacaktır. Bu turda Trabzon, Sümele Manstrı, Ayder Yaylası, Uzun Göl, Atatürk Köşkü, Giresun, Samsun ve Batum gezilecektir.
8 ağustosta Türkçe derslerine devam edilecektir. 9 Ağustos’ta Anıtkabir’e gezi gerçekleştirilecektir. 12 Ağustos’ta “Kapadokya” gezisine gidilecektir. Bu turda Tuz Gölü, Ihlara Vadisi, Ürgüp-Göreme gibi yerleri gezip balonların olduğu alanda gün doğumu seyredilecektir. Hepinizin gelmesini heyecanla bekliyoruz.
Yaz okulunun son iki haftalık programı:
14-15-16-17 ağustosta Türkçe derslerine devam edilecektir. 16 Ağustos’ta Ankara Kalesi ve Hamamönü gezilecektir. 19-20 Ağustos’ta Safranbolu ve Amasra gezisine gidilecektir. Burada Hıdırlık Tepesi, Maşukiye, Çekiciler çarşısı gibi pek çok yer gezilecektir. 21-22-23-24 Ağustos’ta Türkçe derslerine devam edilecektir. 23 Ağustos’ta bir müze gezisine gidilecektir. 25 ağustosta Abant-Beypazarı gezisi yapılacaktır. 27 Ağustos’ta birlikte pikniğe gidilecektir. 28-29 Ağustos’ta size dinlenmeniz, alışveriş yapmanız için vakit verilecektir. 30-31 Ağustos’ta İstanbul Turuna gidilecektir. İstanbul’un tarihi yerleri (Sultan Ahmet Cami, Ayasofya Cami, Mısır Çarşısı, Galata Kulesi vb. gibi) gezilecektir. 31 Ağustos’ta sizleri ülkenize uğurlayacağız.
WhatsApp Sorularınızı Sorun